|
Термин |
Анықтамасы |
|
1. Азоттың егіншіліктегі динамикасы |
Топырақтағы азоттың өзгеру процесі және оның өсімдіктермен сіңірілуі, минералдануы, шайылуы мен жоғалуы. |
|
2. Денитрификация |
Топырақтағы нитраттар мен нитриттердің микробиологиялық процестер арқылы молекулалық азотқа (N₂) немесе азот оксидтеріне (N₂O) айналып, атмосфераға бөлінуі |
|
3. Жел эрозиясы |
Күшті жел әсерінен топырақтың құнарлы қабатының ұшуын және орын ауыстыруын білдіреді. Бұл құбылыс көбіне құрғақ, өсімдік жамылғысы аз немесе жыртылған жерлерде кездеседі, нәтижесінде топырақтың құнарлылығы төмендеп, шөлейттену қаупі артады. |
|
4. Жылу өткізгіштігі |
Топырақтың жылуды оның бір қабатынан екінші қабатына өткізу қабілеті. Тығыз және ылғалды топырақтар жылуды жақсы өткізеді, ал кеуекті және құрғақ топырақтар жылуды нашар өткізеді. |
|
5. Жылу режимін реттеу |
Топырақтың жылу алмасу процестерін басқару арқылы оның қызуы мен салқындауын оңтайландыру. Бұл топырақтың температуралық жағдайын жақсарту үшін жүргізілетін агротехникалық шараларды қамтиды, мысалы, жырту, мульчалау, суару және органикалық тыңайтқыштарды енгізу. |
|
6. Ирригациялық (суландыру)эрозиясы |
Ауыл шаруашылығында суармалау кезінде судың шамадан тыс берілуінен топырақтың шайылуы және құрылымының бұзылуы. Бұл құбылыс топырақтың құнарлылығын төмендетіп, тұзданып, батпақтануына әкелуі мүмкін. |
|
7. Су эрозиясы |
Жауын-шашын, еріген қар немесе су тасқындары әсерінен топырақтың шайылуы және құнарлы қабатының бұзылуы. |
|
8. Топырақ қасиеттерінің оңтайлы параметірлері |
Өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін ең қолайлы топырақ көрсеткіштері. Оларға механикалық құрамы, құрылымы, ылғалдылығы, температурасы, ауа мен су өткізгіштігі, рН деңгейі, қоректік элементтер мөлшері және биологиялық белсенділігі жатады. |
|
9. Топырақ эрозиясы |
Жел, су немесе адам әрекеті нәтижесінде топырақтың құнарлы қабатының бұзылуы және шайылуы. Бұл процесс топырақтың құнарлылығын төмендетіп, ауыл шаруашылығы мен экожүйеге зиян келтіреді. |
|
10. Топырақтың құнарлылық моделі (үлгісі) |
Топырақтың құнарлылық деңгейін сипаттайтын, оған әсер ететін факторларды (физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттер) және олардың өзара байланысын көрсететін теориялық немесе сандық жүйе. Бұл модель егіншілікте топырақтың құнарлылығын басқару және өнімділікті арттыру үшін қолданылады. |