|
Термин |
Анықтамасы |
|
1. Алмаспайтын (үзіліссіз) дақыл |
Бірдей ауыл шаруашылығы дақылын бір жерде бірнеше жыл қатарынан үздіксіз өсіру әдісі. |
|
2. Аралық дақыл |
Негізгі дақылдар арасындағы вегетациялық кезеңде өсірілетін қосымша өсімдік. Ол топырақтың құнарлылығын сақтау, эрозияны болдырмау және мал азығын қамтамасыз ету үшін қолданылады. |
|
3. Ауыспалы егіс |
Егіншілікте дақылдарды белгілі бір жүйемен ауыстырып егу әдісі. |
|
4. Ауыспалы егіс танаптары |
Дақылдарды белгілі бір ретпен ауыстырып егетін егістік жер бөліктері. Әр танапта әртүрлі дақылдар егіледі, бұл топырақтың құнарлылығын сақтау, арамшөптерді, зиянкестер мен ауруларды азайтуға көмектеседі. |
|
5. Биологиялық әдіс |
Арамшөптерді табиғи жауларын (жәндіктер, микроорганизмдер, саңырауқұлақтар) немесе бәсекелес өсімдіктерді пайдалану арқылы жою тәсілі.
|
|
6. Гербицид |
Арамшөптерді жою немесе олардың өсуін тежейтін химиялық зат. Олар әсер ету әдісіне қарай селективті (тек белгілі бір өсімдіктерге әсер ететін) және сплошной (барлық өсімдіктерді жоятын) болып бөлінеді. |
|
7. Контактілік (жанасу) гербицидтері |
Өсімдікке тиген жерінде ғана әсер етіп, оның зақымдануына немесе өлуіне себеп болатын гербицидтер. |
|
8. Қайталап себілген дақыл |
Бір егістік алқабына екі жыл қатарынан бірдей ауыл шаруашылығы дақылын өсіру. |
|
9. Құрама танап |
Ішінде бірнеше дақыл түрі ауыспалы егіс жүйесі бойынша өсірілетін егістік жер бөлігі. |
|
10. Системалы (жылжымалы) гербицидтер |
Өсімдікке сіңіп, оның барлық бөліктеріне (тамырына, сабақтарына, жапырақтарына) таралатын және толық жойылуын қамтамасыз ететін гербицидтер. |