|
Термин |
Анықтамасы |
|
1. Далалық ауыспалы егіс |
Негізінен құрғақшылық аймақтарда қолданылатын, астық дақылдары мен пар танаптарын қамтитын ауыспалы егіс жүйесі. дақылдар: бидай, арпа, сұлы. |
|
2. Көкініс ауыспалы егістері |
Көкөніс дақылдарының өнімділігін арттыру, топырақ құнарлылығын сақтау және аурулар мен зиянкестердің жиналуын азайту үшін әртүрлі дақылдарды кезектестіріп өсіру жүйесі. |
|
3. Қант қызылшасы ауыспалы егістері |
Топырақтың құнарлылығын сақтау, аурулар мен зиянкестерді азайту және өнімділікті арттыру мақсатында қант қызылшасын басқа дақылдармен кезектестіріп өсіру жүйесі. |
|
4. Мазалықтық ауыспалы егістер |
Мал азығын тұрақты өндіру және топырақтың құнарлылығын сақтау үшін әртүрлі жемшөптік дақылдарды кезектестіріп өсіру жүйесі. |
|
5. Мақта ауыспалы егістер |
Мақтаның өнімділігін арттыру және топырақ құнарлылығын сақтау мақсатында әртүрлі дақылдарды кезектестіріп өсіру жүйесі. |
|
6. Орман көшеттік |
Орман өсіруге арналған жас көшеттер мен ағаштар өсірілетін арнайы учаске. |
|
7. Технологиялық операциялар |
Ауыл шаруашылығында белгілі бір жұмысты орындау үшін жүргізілетін өзара байланысты әрекеттер жиынтығы. |
|
8. Топырақты аудару |
Жер жырту кезінде топырақ қабатын төңкеріп, төменгі қабатын үстіне шығару процесі. |
|
9. Топырақты қорғау ауыспалы егістері |
Топырақ эрозиясын азайтып, оның құнарлылығын сақтау үшін арнайы жоспарланған дақыл айналымы жүйесі. |
|
10. Шабындық-жайымдылық |
Жерді шабындық (пішен шабу) және жайылым (мал жаю) ретінде пайдаланудың үйлесімді жүйесі. |