Арнайылар | А | Ә | Б | В | Г | Ғ | Д | Е | Ё | Ж | З | И | Й | К | Қ | Л | М | Н | Ң | О | Ө | П | Р | С | Т | У | Ұ | Ү | Ф | Х | Һ | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | І | Ь | Э | Ю | Я | Барлығы
" |
|---|
"Қайта құру" (перестройка) –1985 жылы КСРО-да басталған, саяси-экономикалық реформалар жүргізуді мақсат еткен кезең. Қазақстанда да бұл жылдары өзгерістер болды.
| |
1 |
|---|
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс –Ресей патшасының тыл жұмысына адам алу жарлығына қарсы шыққан қазақ халқының жаппай наразылығы. | |
А |
|---|
Алаш қозғалысы –XX ғасырдың басында қазақ зиялылары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс, Алаш партиясы мен Алаш автономиясын құру арқылы белгілі болды. | |
Ж |
|---|
Жеті жарғы –XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында
Тәуке хан тұсында қабылданған қазақтардың дәстүрлі заңдар жинағы. | |
Қ |
|---|
Қазақ хандығы –XV ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек сұлтандар құрған алғашқы қазақ мемлекеті. | |
Қоқан хандығы –XVIII-XIX ғасырларда Оңтүстік Қазақстан аумағына ықпал еткен ортаазиялық мемлекет. | |
Қыпшақтар –XI-XIII ғасырларда Дешті Қыпшақ даласында
үстемдік еткен түркі тайпалық бірлестігі | |
Н |
|---|
Неолит дәуірі –Тас ғасырындағы ең соңғы кезең, адамзат тарихында егіншілік пен мал шаруашылығы алғаш дамыған уақыт. | |
Т |
|---|
Түрік қағанаты –VI-VIII ғасырларда өмір сүрген, қазіргі Қазақстан жерін қамтыған алғашқы түркі мемлекеті. | |
Ұ |
|---|
Ұлы жұт (1932-1933) –Кеңестік зорлық-зомбылық салдарынан болған ашаршылық, миллиондаған адамның қазаға ұшырауына себеп болды. | |